Үкімет үйінде өткен баспасөз мəслихатында ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Мəдина Əбілқасымова Қазақстандағы орташа, ең төменгі жəне ең жоғарғы зейнетақы мөлшерін атады деп жазады Baq.kz.
«Қазіргі уақытта орташа зейнетақы мөлшері жинақтаушы зейнетақы бөлігін қосқанда 100 мың теңгені құрайды. Біз бірінші шілдеден бастап базалық зейнетақыны көтердік. Сол себептен зейнетақы көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда шамамен 23 пайызға өсті. Былтыр ол 66 мың теңгені құраса, қазір 81 мың теңгені құрайды. Ал бұған жинақтаушы зейнетақы бөлігін қоссақ, орташа зейнетақы мөлшері шамамен 100 мың теңгені құрайды», - деді Мəдина Əбілқасымова.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда ең төменгі зейнетақы көлемі 49 мың теңгені құраса, ең жоғарғы зейнетақы мөлшері шамамен 111 мың теңгені құрайды.