$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде балабақшалардың бірінде тәрбиешіден туберкулез ауруы шықты

Мартук ауданы Родников ауылындағы №7 мемлекеттік «Таңшолпан» балалар бақшасының туберкулез ауруымен ауыратын тәрбиешісі ем алуға жіберілді деп жазады diapazon.kz.

Тәрбиеші балабақшадағы 65 баламен қарым-қатынаста болған.

«22 тамызда медициналық тексеру барысында балабақша тәрбиешісінен туберкулез ауруы анықталды», – деді Ақтөбе облыстық Білім басқармасының бас маманы Рахима Жамансарина.

Қазіргі уақытта балабақшаның тәрбиешісі Темір аудандық туберкулез ауруханасында ем қабылдап жатыр. Балабақша антропологиялық және эпидемиологиялық станция тексеруінен өтіп, барлық балалар да қаралды. Ешқайсысына туберкулез ауруының жұқпағаны анықталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары