28 тамыз күні Қарағандыда әйел адам 45 жастағы тұрғынды ұрып өлтірген. Ер адамның мүрдесі үйден табылған деп хабарлайды Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Күдікті ретінде ұсталған 38 жастағы әйел қылмысын мойындады. Арада болған ұрыстан кейін оның денесін жарақаттаған. Ауыр соққыдан ер адам қайтыс боп кеткен.
Дәл қазір осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: NewTimes.kz