Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында күйеуі әйелін сабап тастаған деп жазады Tumba.kz.
Күйеуінен соққы алған әйел ауруханаға жеткізіледі. Жүктілігі 4 айлық 22 жастағы келіншек бас-ми жарақатын алған.
Әйеліне қол көтерген ер азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды.
Құқық қорғау органдары кісіге қол көтеру қылмыстық іс саналатынын ескертеді. Бұл қылмысы үшін ол 7 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.