$ 498.34  519.72  4.85

Астанада жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты

Астанада жол апаты салдарынан полиция қызметкері қаза болды деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.

«Түркістан көшесінде 4 қыркүйек күні сағат 23:00 шамасында тіркелген жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. «DODGE CHALLENNGER» маркалы атвокөліктің жүргізушісі Түркістан көшесімен келе жатып көлік тізгініне ие бола алмай қалып, бордюрға соғылған. Кейін көлік аударылып, көшені жарықтандыратын бағанға соғылған. Осыдан кейін көліктен өрт шыққан», - делінген хабарламада.

Жол апаты салдарынан 23 жастағы жолаушы - Астана қалалық ІІД Жол-патрульдік полициясы жол-патрульдік қызметі полкінің полицейі көз жұмғаны белгілі болды. Ол «DODGE CHALLENNGER» көлігінің ішінде болған.

«Жүргізуші әртүрлі дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілді. Қажетті сараптама жұмыстары тағайындалды. Сонымен бірге, қалалық ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр», - делінген ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары