$ 494.87  520.65  4.91

1 қыркүйекте жоғалып кеткен 22 жастағы мұғалім өлі табылды

Оралда 1 қыркүйекте із-түссіз жоғалып кеткен 22 жастағы мұғалім өлі табылды деп жазады NUR.KZ.

Оралдағы ІІБ-ның бөлімшесіне 56 жастағы әйел қызы Полинаның жоғалғаны туралы хабарлаған. Полицияның анықтауынша, жоғалуынан бірнеше күн бұрын бойжеткен кездесіп жүрген жігітімен ұрсысып қалған екен.

«22 жастағы бойжеткен қаладағы орта мектептердің бірінде бастауыш мұғалімі болып істеген. Полиция қызметкерлері үш күн бойы іздестіру жұмыстарын жүргізді. 4 қыркүйекте қыз өлі күйінде Шарын өзенінен табылды. Денесінде ешқандй зорлық-зомбылық белгілері жоқ», – деді  БҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта болған оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізілуде.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары