$ 496  588.01  6.42

Полицейлер Қостанайдағы базар маңында әйелді сабап қашып кеткен ер адамды іздеп жатыр

Қостанайлық полицейлер базар маңында әйел кісіні сабап қашып кеткен ер адамды іздеп жатыр деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

15 тамыз күні сағат 16:00 мен 16:10 аралығында базар маңындағы Жеңіс көшесінде белгісіз ер адам 34 жастағы әйелді сабап, денесін жарақаттаған.

«Маяк» дүкенінің дәл алдында соққыға жығылған келіншектің баяндауынша, күдіктінің келбеті – азиаттық, бойы – 170 см, жасы – 30-35 шамасында. Үстіне қызғылт түсті футболка, бұтына джинсы киген. Аяқ киімі қанық түсті.

Департамент қандай да бір ақпарат білетіндер 8-775-444-83-85 немесе 102 нөміріне хабарласуын сұрап отыр.

Дереккөз: NewTimes.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0