Түркістан облысында үшем дүниеге келді. Осылайша Келес ауданы Бірлік ауылының тұрғыны Аяжан Төленді 23 жасында алты баланың анасы атанды деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Балалар 3 қыркүйекте дүниеге келген. №1 облыстық перинаталды орталық дәрігерлерінің айтуынша, екі келі салмақпен туған нәрестелердің жағдайы жақсы.
Төрәлі, Фатима мен Зәуре деген есімдер берілген үшемді үйлерінде үш ағасы күтуде.
Басқарма баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде жыл сайын орташа есеппен 7-8 үшем дүниеге келеді. Соңғы 10 жылда 80-нен аса отбасыда үшем дүние есігін ашқан.
Дереккөз: Tengrinews.kz