Қытайдың Санья қаласында суға шомылмақшы болған жас жігіттің әуретті жеріне скат балығы жармасып алды деп жазады fishki.net .
Куәгерлердің айтуынша, суға кірген бойда жігіт айқайға басып атып шыққан. Сөйтсе, жігіттің әуретті жеріне скат құйрығын шаншып, жармасып алыпты. Қатты ауырғаннан жан даусы шыққан жігіт оны өз еркімен ала алмаған. Құтқарушылар шақыруға тура келіпті.
Скат ұзақ уақыт құрғақ жерде болғандықтан өліп қалған. Ал жігіт дереу ауруханаға жеткізілген. Оның өміріне деген қауіп сейілгенімен, ендігіде ол суға абайлап түсетін болады.
Мамандардың пікірінше, жігіт абайсызда скатты басып кеткен болуы мүмкін. Сол мезетте балық оның әуретті жеріне үшкір құйрығын шаншып, жабысып алған.