$ 439.43  473.31  4.82

Теміртауда жолаушыға толы автобус өртенді (ВИДЕО)

Теміртауда бүгін таңертең жолаушылары бар автобус өртенді. Жүргізушінің жалынды қалай өшіруге тырысып жатқан видеосы желіге таралып кетті деп жазады etemirtau.kz.

«Әрине қорықтым. Бағдаршамнан өте бергенде автобус өртене бастады. Дереу тоқтап, екі есікті аштым да жолаушыларды түсірдім. Сосын өрт сөндіру құрылғысымен жалынды өшірдім», - дейді жүргізуші.

Жапа шеккендер жоқ. Автобус ремонттан кейін қайта жұмысын жалғастыратын болады.

Өрт тоқтың қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін деген болжам бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары