$ 441.66  475.14  4.86

ІІМ БҚО-дағы взвод командирінің өліміне қатысты пікір білдірді

ҚР Ішкі істер министрлігі БҚО-да аудандық ішкі істер басқармасының ауласында оқ жарақатынан көз жұмған взвод командирінің өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Алмас Садубаева мәлімдеді деп жазады Stan.kz.

«Күдікті жауап беріп, өз кінәсін мойындады. Алдын ала мәлімет бойынша, аталған қылмысқа жеке басын жақтырмау себеп болған. Іс ІІМ бақылауына алынды», – дейді ведомствоның ресми өкілі.

Алмас Садубаевтың мәлімдеуінше, Өзіндік қауіпсіздік департаменті және ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлерінен құралған арнайы комиссия БҚО Ақжайық ауданындағы Мамандандырылған арнайы күзет басқармасының батальон командирінің өлімі фактісі бойынша жұмыс жасап жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, кеше, 6 қыркүйекте, БҚО-да полиция қызметкері өз басшысын ішкі істер басқармасының ауласында атып өлітрген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары