$ 490.84  536.88  5.04

Павлодарда 92 жастағы әжей алаяқ әйелді танысымен шатастырып, 160 мың теңгесінен айрылып қалды

Павлодарда 92 жастағы қарт көшеде кездескен сыған келіншекті үйіне кіргізіп, 160 мың теңгесінен айрылып қалды деп мәлімдейді Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Шамамен 30-40 жас шамасындағы әйел қартқа өзін ұлының танысы екенін айтады. Әжей де оған сеніп қалған. Сосын үйіне кіргізіп, аяғына массаж жасатады. Әлгі келіншек қарттан 10 мыңге қарыз сұрайды. Ертең әкеп береді ғой деген кейуана ақшаны бергеннен кейін не болғанын өзі де білмейді. Бір оянса, 160 мың теңгесі жоқ екен.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: NewTimes.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары