Жаңалықтар 07.09.2018 сағат 06:05

«Газонды елбасына көрсетуге ғана қоямыз»: Желіде жұмысшылардың жасыл желекті жинап жатқан видеосы жарияланды (ВИДЕО)

Желіде жерге төселген газондарды жинап жатқан жұмысшылардың видеосы жарияланды. Онда автор елбасы кеткеннен кейін көшедегі жасыл желекті жинау науқаны басталғанын айтып наразылығын білдірген. Видео whatsapp желісі арқылы тарап жатыр.

«Газонды елбасына көрсетуге ғана қоямыз»: Желіде жұмысшылардың жасыл желекті жинап жатқан видеосы жарияланды (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оқиғанын нақты қай қалада болғаны белгісіз. Автордың айтуынша жақында ғана бұнда елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы сапармен келіп кетіпті.

«Мен сендерге сұрақ қояйын. Жігіттер мына газонды қайда апарасыңдар? Бұны елбасына көрсету үшін ғана қойдыңдар ма? Мына жігіттер ұялып камераға да қарамайды. Елбасына көрсетуге ғана газон қоямыз. Елбасы кеткенде қайта алып, қайда кетті сол жаққа артынан көлікпен апарып жүреміз. Кеше заводтың алдында да гүлдер болған. Соны да алып кетті таңертең келіп», – дейді видео авторы.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар