Оралда тұратын Қаржауовтар отбасын алаяқтар ақшасыз қалдырды деп жазады Оtyrar.kz.
Жанұяның ұлы «шыны ауруы» деп аталатын стрек кездесетін аурумен ауырады. Балаға көмектесеміз деген белгісіз біреулер оның ата-анасын Шымкентке алдап шақырған.
«Біздің оқиғамыз Интернетте жарияланған соң, картамызға көмектесуші адамдар ақша аудара бастады. Бір күні бізге Шымкенттен хабарласты. Олар балаға тегін екпе процедурасын жасап беруге шақырды. Біз қуанған едік. Билеттерімізді алып, Шымкентке келдік. 5-і күні осы қалаға келдік, ол бізді түнде күтіп алып, пәтерге орналастырды. Пәтер бір тәулікке жалға алынды. Содан әлгі адам менен дәріге қажетті ақша сұрады. Біз банкоматқа барып 145 мың теңге шешіп алып, ақшаны қолына бердім. Ары қарай пәтерге кетіп қалдық. Келесі күні таңертең хабарлассам, оның телефоны сөндірулі. Неліктен басымызға осындай істің түскенін түсінбейміз. Балаға көмек керек, енді не істейміз? Полицияға барып, арыз жаздық. Бірақ әлі хабар жоқ. Пәтердің иесіне рахмет. Бізден ақша алмады», — дейді Ләззат Өтепқалиева.
Қаржауовтар жанұясының Оралға қайтуына билет, тіпті тамаққа ақшалары жоқ. Оларға пәтер иесі мен көршілер, заңгерлер көмек көрсетуде. Бұл оқиғаға қатысты билік пен ІІД ешқандай түсініктеме бермей отыр.