Абхазия премьер-министрі Геннадий Гагулия 8 қыркүйек түнде жол апатынан қайтыс болды деп жазады РИА Новости.
«Иә, біз бұл ақпаратты растаймыз. Жол апаты Мюссер бекетінен кейін болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Геннадий Леонидович (Гагулия - ред.) ауруханаға барар жолда тірі болған. Басқа ешкім зардап шеккен жоқ», - деді республика министрлер кабинетінің баспасөз хатшысы Диана Зантария.
Оның айтуынша, 8 қыркүйек кешке үкіметтік кортеж Сочидің әуежайынан Абхазияға кетіп бара жатқан.
Абхазия ІІМ өкілдерінің хабарлауынша, алдын ала болжамдарға сәйкес, премьер-министр отырған көлік кюветке құлаған. Ауруханаға үш адам жеткізілді. Жергілікті БАҚ мәліметінше, жол апатынан премьер-министрдің күзетшісі мен жүргізушісі зардап шеккен. Олар айтарлықтай ауыр жарақат алған жоқ.
Абхазияның бас прокурорының қоғаммен байланыс бойынша көмекшісі Даур Амичбаның мәлімдеуінше, премьер-министр Геннадий Гагулияның көлігімен соқтығысқан ВАЗ жүргізушісі оқиға кезінде есірткіге мас болған.
Дереккөз: Tengrinews.kz