$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда дәмхананың бірінде ер адамды пышақтап кетті

Қостанайда 2 қыркүйекте көңіл көтеруге арналған мекеменің бірінде сағат таңғы 04:55 шамасында ер адамды пышақтап кетті деп жазады Аlau.kz.

«28 жастағы ер адамның ішкі қуысына пышақ сұққан. Жәбірленуші қалалық аурухананың хирургиялық бөліміне жеткізілді.  Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру барысында 21 жастағы күдікті ұсталды», – деді ІІД-нің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары  жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары