7-арнадан шығатын «Өз ойым» бағдарламасында ер адам жынысын ауыстырғысы келетінін айтты. Бірақ ата-анасы оның бұл қылығын құп көрмейді екен.
Кейіпкер үйінің кенжесі. Өзін ең алғаш мектеп табалдырығын аттағанда қыз ретінде сезіне бастаған.
«Бала кезімнен өзімді ұл ретінде сезінген емеспін. 20 жасымда ата-анама айта бастадым. Бірақ түсінбеді. Қазір жынысымды ауыстырғым келеді», – дейді жігіт.
Студияға келген психолог оның психикасында ауытқу бар деп кесіп айтты. Ал Қазақстанда бұндай адамдарға операция жасауға тыйым салынған екен.