$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда әйелді екі еркек аяусыз зорлаған

Ақтауда екі ер адам 32 жастағы әйелді зорлады деп айыпталуда деп жазады Tumba.kz.

6 ықшамауданының тұрғыны бұл оқиға бірнеше күн бұрын таңғы уақытта Мұнайлы ауданына кетіп бара жатқанда болғанын айтты.

Такси жүргізушісі мен оның жанындағы жолаушы екеуі әйелді көлік салонында зорлап тастаған.

Күдіктілер қылмыс жасап біткен соң, қашып кетіпті. Алайда, айыпталушының біреуі көп кешікпей ұсталған. Ол  31 жастағы Маңғыстау ауылының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта болған оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ол 10 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары