АҚШ-та ойран салған Флоренс дауылынан 4 адам мерт болды. Оның бірі – бұғанасы қатпаған жас бала деп хабарлайды «Хабар-24».
Марқұмдар Ленуар аумағындағы Хампстед қаласынан табылды. Жүрегі сыр берген әйелге де дәрігерлер дауылдың салдарынан дер кезінде жете алмай қалған. Үйінде жарығы өшкен тағы бір тұрғын генераторды қоспақ болып, тоққа түскен.
Жалпы Солтүстік және Оңтүстік Каролина штаттарының бірнеше қаласында 80 мыңнан астам отбасы жарықсыз қалды. Аймақта теңіз арнасынан асып, тасқын туындады.
Президент Дональд Трамп басқа аймақтардың да биліктерін Флоренс дауылына барынша дайын болуға шақырды.