$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан халқының саны 18 миллион 292 мың 700 адамнан асты

Қазақстан халқының саны 18 миллион 292 мың 700 адамнан асты деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 миллион 292 мың 700 адамның ішінде қалалықтар - 10 544,3 мың (57,6 пайыз), ауылдықтар - 7 748,4 мың адам (42,4 пайыз). 2017 жылғы 1 тамызбен салыстырғанда халық саны 238,7 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті.

Сонымен қатар, АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-шілдеде туылғандар саны 228 мың адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 2,3 пайызға көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,48 туылғандарды құрады.

«2018 жылғы қаңтар-шілдеде республика халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 4,4 мың адамға немесе 3,1 пайызға көбейіп, 150 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,13 адамды құрады», - деді мамандар.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары