$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбелік жігіт 16 жыл бұрын жоғалтып алған қарындасымен қауышты

Ақтөбенің 23 жастағы тұрғыны Анатолий Гекк осыдан 16 жыл бұрын жоғалып кеткен қарындасына іздеу салған. Темір тордың арғы жағында отырған азаматтың бауырын іздеуге қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері көмектескен деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Анатолий мен Евгения Алға қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленген. Ата-аналық құқығынан айырылған әкелері естерінде жоқ. Аналары өмірден ерте озып кеткен екен. Анатолийді 7-8 жасында басқа интернатқа ауыстырып, қарындасынан көз жазып қалады. Ер жеткеннен кейін қарындасын іздеуді бастаған.

Алайда жаза басып, қылмыс жасаған ол темір тордың ар жағынан бір-ақ шығады. Ұрлықпен ұсталған жігіт 2 айдан бері жазасын өтеп жатыр екен.

«Өте қуаныштымын. Арада 15-16 жыл өтіпті. Ендігі арманым түрмеден шыққан соң, жұмыс істеп, отбасын құру. Қарындасымды қасыма алып, қамқор болғым келеді. Оған менің қолдауым қажет», - дейді 23 жастағы жігіт.

Ал 18 жастағы Евгения жастардың «Мейірім» әлеуметтік үйінде тұрып жатыр. Бұрын патронаттық отбасында тәрбиеленген ару ағасынан алыстағанда небәрі 2 жаста болған.

«Мен енді ағама келіп тұрамын. Себебі оның менен басқа ешкімі жоқ. Барынша қолдау көрсетемін. Жазасын өтеп шыққанан кейін дұрыс жолмен жүргенін қалаймын», - деп ағынан жарылды Евгения Бацынюк.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары