$ 483.23  534.74  5.12

«Сынамасыз салды»: Шымкенттік полицей емханада екпеден кейін қайтыс болды

Медициналық орталыққа шипа іздеп барып, керісінше қайтыс болды. Шымкенттегі жеке медициналық мекемеде емделмекші болған 29 жастағы азамат өмірден озды. Орталықтың медбикелері осылайша алдына аман келген «пациенттен» айырылып қалды деп жазады Otyrar.kz.

Қаладағы Ә. Молдағұлова көшесінің бойындағы дәріхананың қасынан емдеу бөлмесін ашып алған кәсіпкердің басы дауға қалды. Осында бұрылған ерлі-зайыптылар дәрігер берген тағайындау бойынша, екпе қабылдауға келген. «Пациентке» дәрі-дәрмек салар алдын сынама жасалынбаған, — дейді қайтыс болған азаматтың туыстары.

Нұршат Байшымырова, марқұмның туысы: «Нұсқауды осы мекеменің дәрігері берген. Оның лицензиясы бар ма? Жоқ па? Оны білмейміз. Медбике алдында өтірік айтты екпе жасамадық деп. Кіріп барсам, жанбасында иненің ізі тұр. Қанның да ізін көрдім. 4 күн бұрын келгенде «проба» саламыз деген. Бүгін реакция болмайды дегенде, сынамасыз (без пробы) екпе жасаған».

Оқиға орнына жедел тергеу тобы мен криминалистер келді. Біраз уақыттан соң, тергеушілер үш қара палиэтилен «пакетін» алып шықты. Осы қара «пакеттің» ішінде тәркіленген дәрі-дәрмектер, дейді қаза болған жігіттің туыстары.

— Екі пакет «укол» алып келген. Осыны қабылдасаңыз, әйеліңіз туады деген. Келіншегі гинекологияға кіріп кеткен. Бұның жанбасына 6 «шприц» салған. Сол кезде, ол: «Асия мен бір түрлі, жаман сезініп бара жатырмын», — деген. Сөйтсе, дәрігер тағы да жатқызып, «система» салған. Сол кезде жігіт «кетіп» қалған».

Әзірге орын алған қайғылы оқиға бойынша Шымкент қалалық ІІД-не сұраным хат жолданды.

Еске сала кетейік, бұған дейін полицейдің емханада көз жұмғаны жайлы жазған едік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары