СҚО-да 19 жастағы қыз менингиттен қайтыс болды. Бұл туралы Sn.kz тілшісіне жергілікті Денсаулық сақтау басқарма басшысының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Мариям Қалуқызы айтып берді.
«Алдын ала қойылған диагноз менингит. Бірақ әлі нақты емес. Тексеріс жүргізіліп жатыр. Құжаттарды күтіп отырмыз», - деген Қалуқызы қандай да бір ақпарат түссе хабар беретінін айтты.
Айта кетейік, күні кеше Алматы облысында да үш баланың менингитке шалдыққаны хабарланған болатын.