Air Astana әуе компаниясына тиесілі Сеул-Алматы рейсінде қазақстандық әйел шу шығарды. Ол өзіне берілген тамақты місе тұтпай, бортсерікке тіл тигізген. Видео Instagram-парақшасындағы autolife_almaty тобында жарияланды
Оқиға бортта жолаушыларға тамақ тарату кезінде болған.
«Не айтқың кеп тұр? Сонда басқалары адам да, біз адам емеспіз бе? Сен дұрыстап тамақ бер. Мен сенен ішімдік сұрап тұрғам жоқ», - дейді қыз видеода.
Бірақ әуе комапния өкілі қыздың тамақ үшін емес, ішімдік үшін шу шығарғанын айтып отыр.
«6 адамнан құралған жастар бортсеріктердің жұмысына кедергі жасап, ұшақтағы тыныштықты бұзды. Оларға ішімдік берілмегендіктен әйел бортсерікке тіл тигізді. Үшеуін де Алматыға ұшақ қона салысымен ішкі істер органдарына табыстадық», - дейді әуе компания өкілі.
Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Сеул-Алматы рейсінлде қырғызстандық шенеунік шу шығарған еді.