$ 443.85  474.3  4.8

«Бәйтерек» монументі уақытша жабылады

Қазанның 1-і мен 7-сі аралығында жоспарлы профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты «Бәйтерек» монументі өз жұмысын тоқтатады деп хабарлайды Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасы.

«Еліміздің басты ескерткіштердің бірінде конструкцияның шыны бөлігін жуу, ішкі қабырғаларды сылау және ғимаратты пайдалану кезінде туындаған кейбір кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, монументті қысқа және жылыту кезеңіне дайындау жұмыстары қолға алынбақ» делінген басқарманың хабарламасында.

Қаланың көрікті орны 8 қазанда келушілер үшін есігін айқара ашады. Айта кетейік, «Бәйтерек» монументі демалыссыз сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Кіру құны 15 жасқа дейінгі балалар үшін – 500 теңге және ересектер үшін 700 теңге.

Бұған дейін «Бәйтерек» монументі 21-28 мамырда реставрациялық жұмыстар жүргізу мақсатында жабылған болатын. Өткен төрт айда ескерткішті 300 мыңнан аса адам тамашалаған.

Дереккөз: Еlorda.info

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары