$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанның білікті мұғалімі жалақының аздығынан Кореяға көшіп, сатушы боп жұмыс істеп жүр

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова мұғалімдердің жалақысы жайлы сөз қозғады. Ол Қазақстандағы білікті ұстаздың шетел асып кеткенін айтып, ренішін білдірді деп жазады matritca.kz.

«1 800 доллар жалақы үшін білікті физика пәнінің мұғалімі Қазақстанды Кореяға айырбастап кетті. Ол білім және ғылым министрлігінің жаңа технологияларды игеру курстарына қатысқан. Мұғалім өз ісін сүйетін білікті маман, оқушылары да оны қатты жақсы көретін.

Енді ол кондитерлік дүкенде сатушы. Айлығы - 1 800 доллар. Тағы да көтереміз депті. Бақытты. Неге дейсіздер ме? Себебі, ол өмірінде бірінші рет осындай жалақы алып отыр. Ешкім түртпектемейді біздің мектептердегі сияқты», - дейді мәжіліс депутаты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары