$ 439.43  473.31  4.82

Ер адам немересін құтқарам деп мерт болды

Американың Нью-Мексико штатында 63 жастағы ер адам немересін құтқарам деп мерт болды деп жазады Stan.kz.

Тауға барған сапарында Джерард Гринаф пен 13 жастағы немересі Остин Керли отырған көлік құзға тіреліп қалады. Ер адам қауіпті жерден шықпақ болады. Алайда көлік астындағы тас дөңгелеп, 45 метр биіктіктен төменге құлдилайды. Көлік құлай бастағанда атасы немересін құшақтап, соққы тигізбеуге тырысады.

Оқиға орнында кездескен фельдшер жігіт ер адамға көмектеспек болады. Ол 20 минуттай күрескенімен, аман алып қала алмады. Жеткіншек көп қан жоғалтқан, бауыры мен ұйқы безіне зақым келген. Сүйегі мен омыртқасы сынған. Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, қазір үйіне шығуға дайындалып жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары