Жаңалықтар 29.09.2018 сағат 05:29

Ресей қазақстандық тауарларға шектеу қойып жатыр

Ресей 5 бірдей қазақстандық компанияның өнімдерін санитарлық талапқа сай емес деп шара қолданып жатыр. Көрші елдегілердің айтуынша, біздің елден экспортталған құс еті мен балық, шұжық және ет консервілерінің құрамында ветеринарлық-санитарлық талаптар өрескел бұзылған деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ресей қазақстандық тауарларға шектеу қойып жатыр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ресей ветеринарлық және фитосанитариялық бақылау қызметінің мәлімдеуінше, әлгі өнімдер Ресей мен Еуразия экономикалық одағының санитарлық талаптарына сай келмейді. Өйткені бір компанияның консервленген майшабақтарынан денсаулыққа аса қауіпті бензапирен көміртегі екінші рет анықталыпты. Енді оған 29-шы қыркүйектен бастап Ресейге өнімін тасымалдауға уақытша шектеу қойылған. Өнімдері сапасыз деп танылған қалған 4 компанияның тауарларына қатысты зертханалық бақылау күшейтіліпті. Екінші рет кемшілігімен көзге түссе, оларды да осындай жаза күтіп тұр. Ресей онсыз да біздің мал шаруашылығы өнімдерімізге қарашадан бастап шектеу қоймақ. Оның себебі, Қазақстан тарапы тасымал мерзімдерін дұрыс сақтамайды екен.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар