$ 443.44  480.51  4.88

Германияда қазақстандық әйел қызын ұрамын деп басы бәлеге қалды

Германияда қызын ұрғаны үшін қазақстандық әйелден баласын тартып алды деп жазады Sputniknews.kz.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияровтың мәліметіне сүйенсек, оқиға бірнеше апта бұрын болған. Қыз бала анасының ұрып-соққанын ұстаздарына айтып барыпты. Германия заңы бойынша, балаға зорлық-зомбылық жасауға тыйым салынғандықтан, жергілікті билік өкілдері қызды анасынан айырды.

«Қазір әйел адвокаттармен бірге сотқа қажетті құжаттарды ресімдеп жатыр», — деп мәлімет берді Айбек Смадияров.

Тергеу барысында қыз балалар үйінде болады. Қазақстанның консулы қызбен кездесіп, анасымен де үнемі байланыста отыр.

Сыртқы істер министрлігі қыз баланың отбасына оралуы үшін барынша жәрдем беретін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары