Қостанайда ер адамды ломмен ұрып өлтірген деп жазады alau.kz.
Бұл оқиға Мәуленов көшесіндегі үйлердің бірінде болған. 27 қыркүйекте зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған болатын.
«Тексеру барысында бұрын сотталған 28 жастағы ер азамат ұсталды. Ол өзінің кінәсін мойындап, жәбірленушіні ломмен ұрғанын айтты. Олар спирттік ішімдік ішкен», – деді Қостанай облысының ІІД баспасөз қызметі.
Полиция «Кісі өлтіру» ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.