$ 490.84  536.88  5.04

Назарбаев мұғалімдерді қосымша жұмыстардан босатуды тапсырды

2019 жылы Қазақстанда «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылданады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті деп жазады ҚазАқпарат.

«Келесі жылы «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылдау керек деп есептеймін. Ол заң мұғалімдерді және мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлерін ынталандыратын барлық тетіктерді қарастыруы керек. Жүктемені қысқартып, қызметтен тыс тексерістерден арылту керек. Тыңдаңыздар, мұғалімдерге бүгінгі таңда барлық жұмыс жүктеле береді. Сайлауды өткізетін – мұғалімдер, үгіт-насихатты жүргізетін – мұғалімдер, бір шаруаны атқару керек болса – мұғалімдер... Ол үшін ешкім де оларға ақша төлеп жатқан жоқ. Оларды бұл жүктемеден арылту керек. Олар сабаққа дайындалып, тиісті уақытында жұмыс істеуі керек. Тынымсыз тексерістер де бітпейді. Міне, заң осыларды тоқтату үшін керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетсек, Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жариялауда. Стратегиялық құжат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары