05.10.2018, 11:54

Ақтөбедегі өрт: Көпқабатты үйдегі 1 пәтер түгелімен жанып кетті

Ақтөбеде өртенген көпқабатты үйдегі 1 пәтер түгелімен жанып кетті деп хабарлайды қала әкімінің орынбасары Қуандық Қасымов.

4 қыркүйек күні болған өрт №69 пәтерден басталған.

«200 адам эвакуацияланды. 47 адам құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ. 30 пәтер өртенді. Олардың ішінде 1-еуінің түгі қалмай жанып кетті. Өрттің жалпы аумағы 240 шаршы метр», - деді Қасымов.

Еске сала кетейік, 4 қыркүйек күні Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің бірінде өрт шыққан. Бүгін әкімдік қызыл жалын ішінен тұрғындарыды құтқарған азаматтарды арнайы марапаттады.