Серебянск қаласында ер адам өз үйінде өртеніп кетті деп хабарлайды ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Оқиға 5 қазан күні түнгі сағат 10-да болған. Жатын бөлмеден 1967 жылғы ер адамның күйік шалған өлі денесі табылған.
Төтеншеліктер 110 шаршы метр аумақты алған өртті 1 жарым сағатта сөндіріп үлгергендерін айтады. 2 техника, 15 адам жұмыс істеген. Тілсіз жаудың неден шыққаны анықталып жатыр.
Дереккөз: NewTimes.kz