$ 481.84  531.33  5.07

Кеден қызметі ұшаққа билетсіз кірген Төреғали Төреәліге қатысты пікір білдірді

Алматы әуежайының бас кеден қызметкері Айбол Жақсылықов ұшаққа билетсіз кірген Төреғали Төрәліге қатысты түсініктеме берді деп жазады time.kz.

«Оқиға түнгі рейстердің бірінде болғандықтан мен әуежайда болмадым. Маған жауапты кісі оқиғанын мән-жайын баяндады. Сол күні әуежайдың VIP-агентіне ер адам келіп, жанұясын Гонконгқа шығарып салатынын, қолындағы сәбидің ерекше күтімді қажет ететінін айтып, күту залына кірген. Ал бортқа қалай өткенін білмеймін.

Қателік бізден кетті. Кешірім сұраймын. Ер адам өзін осылай ұстайды деп күтпедік», - дейді Жақсылықов.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Эйр Астана» әуе компаниясының Алматы-Гонконг рейсіне билетсіз кіріп, бортта шу шығарған Төреғали Төреәлі жайлы жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары