$ 481.84  531.33  5.07

Төреғали Төреәліні билетсіз бортқа жіберген әуежай қызметкерлері жазаланды

Төреғали Төреәлімен болған жағдайдан кейін Алматы әуежайының қызметкерлері жазаланды деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.

«Алматы әуежайындағы авиациялық қауіпсіздік талаптарының бұзылуы, ұшақ бортында бөтен адамның жүру дерегіне қатысты жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша әуежай мен әуекомпанияның бірнеше қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады комитет өкілдері.

Комитеттегілердің мәліметінше, Алматы халықаралық әуежайы Авиациялық қауіпсіздік комитеті тексеру бөлімшелерінің инспекторлары Ринат Рахымгереев, Абылай Қырғызбаев пен Шолпан Закирова ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 570-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың әрқайсы 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (48 100 теңге) айыппұл төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ, «Эйр Астана» әуекомпаниясының жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі агент Карина Абдурахипова да жауапкершілікке тартылды. Ол да 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (48 100 теңге) айыппұл төлеуі тиіс.

Еске сала кетейік, мұның алдында әуежай өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірген болатын. Олардың сөзіне қарағанда, Төреғали Төреәлі отбасымен бірге ұшақ салонына кіріп кеткен, алайда ол жолаушы болмаған. Нәтижесінде Алматы - Гонконг рейсі кешіктірілген.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары