Ақтаудағы бардың бірінде ұйықтап қалып қойған жігіт мекемені тонап кетті деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі.
30 қыркүйекте жігіт барға мас күйінде келген. Өзіне алкогольдік ішімдік тапсырыс беріп, артынша ұйықтап қалыпты. Алайда, оны бар қызметкері байқамаған. Сол күйі барды жауып кетеді. Клиент мекеменің ішінде қалып қойған.
Таңертең оянған клиент барда жалғыз екенін көріп, темекі, он мың теңге және алкогольдік ішімдік ұрлап кеткен.
Қазіргі кезде іздестіру шаралары жүргізілуде.
Дереккөз: inaktau.kz