$ 483.23  534.74  5.12

Өскеменде дәрігерлер жасөспірімнің асқазанынан 1 уыс шаш алып шықты

Өскеменде дәрігерлер 10 жастағы қыздың асқазанынан 1 уыс шаш алып шықты деп жазады ustinka.kz.

Жасөспірімнің асқазанындағы шашты хирург Есен Шоқаев пен оның көмекшісі Степан Изнаиров операция жасап, алып шыққан. Дәрігерлер бұндай жағдайдың күйзеліске ұшыраған адамдарда кездесетінін айтады.

«Күйзеліске ұшырағандар шашын шайнап, жұта береді. Кейде олар азқазанда жиналып, киіз сияқты боп қалады»,- дейді хирургия бөлімінің жетекшісі Қайрат Рахымжанов.

Дәрігерлер ата-аналарға балаларды жіті қадағалап отыруды ескертеді. Осы орайда олардың асқазандарын УЗИ-ге бір түсіріп алу артық болмайды дейді олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары