09.10.2018, 05:43

Астана іргесіндегі демалыс аймағында мейрамхана өртенді

9 қазан күні таңертең сағат 9-да Астана іргесіндегі демалыс аймағында мейрамхана өртенді деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК-нің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Өрт 435 шаршы метр аумақты алған. Өрт сөндіру жұмысы сағат 8:53-те басталып, 09:40-та аяқталды. 2 арнайы техникасы мен 6 өрт сөндіруші жұмыс істеді.

Қызыл жалынның неден тұтанғаны Ақмола облыстық ТЖД-не қарасты арнайы лабораторияда тексеріліп жатыр.

Дереккөз: NewTimes.kz