$ 494.87  520.65  4.91

Петропавлда менингит деген күдікпен ауруғана түскен ер адам қайтыс болды

Петропавлдағы 1-қалалық аурухананың инфекция бөлімінде ер адам қайтыс болды деп хабарлайды pkzsk.info.

Ер адам ауруханаға 27 қыркүйек күні бас-ми жарақатымен түскен. Сондай-ақ дене қызуы да жоғары болған. Кейін оның 10 қыркүйекте түрмеден босап шыққаны анықталды.

Дәрігерлер оған бас-ми жарақатынан бөлек менингит болуы мүмкін деп диагноз қойған. Кейін ақ халаттылар науқастың қанынан менингококк инфекциясы шықпағанын мәлімдеді.

9 қазан күні өткен жиында ер адамның ауруханада қайтыс болғаны айтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары