$ 481.84  531.33  5.07

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі: «275 мың адамның лауазымдық еңбекақысы өседі»

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова ең төменгі жалақының өсуі азаматтық қызметкерлерге қалай әсер ететінін түсіндірді деп жазады Sputniknews.kz.

Министрліктің есебі бойынша, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 42 500 теңгені құрайды. Соның нәтижесінде 275 мың азаматтық қызметкердің жалақысы өседі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша азаматтық қызметкерлердің жалақысы көбейтіледі. Бізде қазіргі таңда 1,2 миллион азаматтық қызметкер бар. Олардың арасында түрлі санаттар бар: 1-4 разрядты жұмысшылар, орта білімді немесе еңбек өтілі аз персонал, мамандар. Біздің есебіміз бойынша 275 мың адамның лауазымдық еңбекақысы өседі», —деді министр үкімет кулуарында. 

Әбілқасымова лауазымдық еңбекақыға еңбек өтілі, разряды және тағы басқа үшін түрлі үстемақы мен қосымша ақы қосылатынын атап өтті. 

«Түрлі санат бойынша біреулер үшін өсім орташа есеппен 19%-ті, енді бірілері үшін 50% және одан да жоғары құрайды. Орташа есеппен өсім 35 процент», – деді ол.

Министр ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмайтынын айтты.

«Ең төменгі жалақы елдің экономикалық өсіміне сәйкес көтеріліп, бекітіледі. Ал ең төменгі күнкөріс шегінің қызметі біршама басқа, ол жыл сайын инфляцияға қарай индексацияланады», – деді Әбілқасымова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары