$ 442.05  474.14  4.74

Алматыда жол ережесін бұзып, оның видеосын желіге жүктеген Назар Роллан қамауға алынды (ВИДЕО)

Алматылық 20 жастағы Назар Роллан жеті тәулікке қамауға алынды деп хабарлайды ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

ІІД мәліметінше, ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша («Ұсақ бұзақылық») әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Бостандық аудандық ІІБ Жергілікті полиция қызметіндегілер 1998 жылғы Назар Ролланға қатысты әкімшілік шара қолданды. Ол өзінің қоғамға қарсы әрекеттерімен бірнеше рет адамдардың өмірін қауіпке тікті. Осындай жағдайлардың бірі әл-Фараби даңғылы мен Мұстафин көшесінің қиылысында болды. Назар Роллан осы әрекетінен соң кодекстің бес бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылса да, ешқандай нәтиже жоқ.

Бүгін ұсақ бұзақылық бойынша қозғалған әкімшілік іс Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жолданды. Соттың шешіміне сәйкес, Роллан 7 тәулікке қамауға алынатын болды», - деп хабарлады Салтанат Әзірбек.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары