Бұған дейін 9 қазанда Ақтаудағы №25425 әскери бөлімі қызметкерінің асылып өлгенін жазған болатынбыз. Осыған қатысты ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
Қазіргі таңда қылмыстық іс жүргізіліп жатыр. ҚР ІІМ-нің жедел тергеу тобы жұмыс жүргізуде.
Алдын ала болжам бойынша, әскеридің бұндай әрекетке баруына қызметінің қатысы жоқ. Қалған ақпараттар алдағы тергеу барысында белгілі болады.