Елордада жеті жастағы 1-сынып оқушысы «вирустық менингит» ауруына шалдыққан болуы мүмкін деген диагнозбен инфекциялық ауруханаға жатқызылды деп жазады Sputniknews.kz.
Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің жетекшісі Сәдуақас Байғабұловтың айтуынша, бала 12 қазан күні ауырып бастаған. Қазір оның жағдайы жақсы және дене температурасы қалыпты.
«Оқушы оқитын сыныпта профилактикалық шаралар жүргізіліп жатыр – бөлменің іші мен ауасы тазартылуда. Әдетте вирустық менингитке шалдыққан кезде адам сауығып кетеді. Науқас ауруханаға дер кезінде қаралған болса, небәрі он күн ішінде үйіне жіберіледі», – деді Байғабұлов.
Баланың айналасындағыларға еш қауіп төніп тұрған жоқ. Менингиттің бұл түрі өзгелерге жұқпайды. Бұған оның иммунитетінің әлсіреп, жеке бас гигиенасын сақтауы себеп болуы мүмкін. Менингиттің бұл түрі тез емделеді.
Қазан айының басында 34 жастағы Астана тұрғынының менингококк инфекциясына шалдыққаны белгілі болды. Жыл басынан бері республика бойынша менингит жұқтырған 83 науқастың бары белгілі болды, олардың 15-і көз жұмды.