$ 494.87  520.65  4.91

Компьютер алдында ұзақ отырған жасөспірім қайтыс болды

Екібастұз қаласының 14 жасар тұрғыны компьютердің алдында бірнеше сағат отырған соң инсульттан қайтыс болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Екібастұз қалалық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Ақжан Байкенова растады.

«Қыз бала тұрмыстық жағдайы жақсы отбасында тәрбиеленген. Оқу үлгерімі жақсы болған. Бұған дейін денсаулығында неврологиялық сипаттағы мәселелер байқалған. Десе де ата-аналары соңғы екі жыл ішінде жалпы тәжірибедегі дәрігерге ғана көрінген. Жеткіншектің анасының айтуынша, баланың басы ауырған кездері болған. Бұған қарамастан, невропатолог мамандардың көмегіне жүгінбеген. Бас ауруларын дәрі-дәрмекпен жазып отырған», - дейді бас дәрігердің міндетін атқарушы Ақжан Байкенова. Оның айтуынша, оқушы қайтыс болар алдында туыстарының үйінде қонғаны анықталған.

«Бала компьютердің алдында ұзақ уақыт отырған. Кейін оның әлеуметтік желілерде соңғы рет таңғы 09.50-де болғаны белгілі болды. Желіде достарымен әңгіме барысында басының ауырғанына шағымданған. Кейін ұйқыға жатып, таңертең оянбады. Ол ауруханаға ауыр халде жеткізілді. Нейрохирург, реанимотолог мамандар баланы тексерді. Жасөспірімнің өліміне компьютер себепкер болды деп кесіп айта алмаймын. Баланың көз жұмуына неврологиялық немесе қан-тамыр аурулары себеп болуы мүмкін», - дейді дәрігер.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары