Жаңалықтар 23.10.2018 сағат 09:50  612

Еркін Әлімжанов қол күрестен әлемнің екі дүркін чемпионы атанды

Түркияда өткен армрестлингтен әлем чемпионатында астаналық Еркін Әлімжанов екі алтын жүлдеге ие болып, әлемнің екі дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды Астана қалалық мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Еркін Әлімжанов қол күрестен әлемнің екі дүркін чемпионы атанды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Елордадағы «Жігер» спорт клубының спортшысы халықаралық жарыста ардагерлер арасында 75 кел салмақ дәрежесінде өнер оң және сол қолмен күш сынасып, бірінші орынға қол жеткізді.

«Армрестлингтен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының сапында Астанадан «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары да өнер көрсетті. Олар қазақстандық команданың қоржынына төрт жүлде салды: 2 алтын, 1 күміс және 1 қола. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Георгий Дзеранов 100 кг салмақ санатында сол қолмен күресте бірінші орын алды, ҚР халықаралық сыныптағы спорт шебері Әлімжан Мұратов 80 кг салмақ санатында сол қолмен күресте бірінші орын, оң қолмен күресте екінші орын алды», – делінеді хабарламада.

Қазақстанның спорт шебері Арман Рахманқұлов 85 келі салмақ дәрежесінде оң қолмен күш сынасып, қола жүлдені иеленді.

Армрестлингтен әлем чемпионаты Түркияның Анталия қаласында 12-24 қазан аралығында өтті. Додаға әлемнің 40-тан аса елінен 1 300-ге жуық спортшы қатысты.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар