$ 498.34  519.72  4.85

Астанада оқушы қызды автобус қағып кетіп, мерт қылды

Бүгін елордада қайғылы оқиға орын алды. Жолаушылар автобусы мектеп оқушысын басып, мерт қылды. Бұл ақпаратты Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі растады деп жазады ҚазАқпарат.

«23 қазан күні шамамен сағат 14-10-та Кенесары көшесінде орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.

Ведомство ақпаратына сәйкес, №40 бағдар автобусының жүргізушісі Кенесары көшесімен келе жатып, жолды кесіп өтуге рұқсат етілмеген жерде жаяу жүргіншіні қаққан.

«Жол оқиғасы салдарынан 2003 жылы дүниеге келген кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім қыз сол жерде қаза тапты», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары