$ 514.65  544.6  5.17

«Сәби шетінеп кетті»: Ақмола облысында әйел жаңа туған нәрестені көшеге тастап кеткен

Степногор қаласының тұрғындары үйдің маңайынан сәбидің өлі денесін тауып алды. Олар дереу полицияға хабар берген деп жазады Nur.kz.

Тексеру жүргізу барысында әйелдің жасы 26-да екені анықталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Анасының шақалақты көшеге тастап кетуінің себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін де осыған ұқсас бір оқиға тіркелді. 22 қазанда сәбиін жеті айлығында босанған әйел де баласын көрші үйдегі подъезге тастап кеткен. Шақалақты зейнеткер тауып алған. Дәрігерлер сәбидің бас-ми жарақатын алғанын айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары