26.10.2018, 11:36

Алматыда әкесі екі жасар қызын экскаватормен басып кетті

Алматы қаласының маңында экскаватор жүргізушісі көлік маңында ойнап жүрген 2 жасар қызын көрмей, оны басып кетті деп жазады Sputniknews.kz.

Қайғылы оқиға Алматы қаласының маңындағы Көлсай шағын ауданындағы жекеменшік секторда болды.

Ер адам үйіне келіп, экскаваторын қақпаның жанына қояды. Араға біраз уақыт салып көлікке отырып, жұмысқа оралады. Осы сәтте ол көлік маңында ойнап жүрген жасы екіге де жетпеген қызын көрмей қалады.

2 жасар бөпе сол жерде ауыр жарақат алып, жедел жәрдем келгенше өлді. Қазіргі сәтте оқиға болған жерде жедел тергеу тобының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Бала өліміне ата-анасының қаншалықты қатысы бар екені тергеу және сот кезінде анықталатын болады.