$ 444.32  473.33  4.76

Назарбаев пен Путин ұшырылған ғарыш кемесі туралы әңгімелесті

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті, - деп хабарлайды Skifnews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу Қазақстан Президентінің ҚХР-ға мемлекеттік сапары аясында өтті. Мемлекеттердің басшылары екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі маңызды жайттарға қатысты ұстанымдарды қарастырды. 

Ресей президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Назарбаев пен Путин құрамында қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов бар жаңа экипаждың Халықаралық ғарыш станциясына ұшуы жайлы талқылады. 

"Мен Сізді құттықтаймын. Бұл біздің екіжақты қарым-қатынастарымызға ғана пайдасын әкеліп қоймайды, сонымен қатар Қазақстанның өзінде космонавтиканың дамуына айтарлықтай ынтасы болады. Байқоңыр әлемдегі ең көп қолданылатын ғарыш айлағы екені жайлы айтқан сөзіміздің жаны бар", - деп атап өтті Ресей президенті. Мемлекеттердің басшылары экипажға сәттілік пен денсаулық тіледі. 

Еске салайық,кеше, 2 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 10.38-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-ФГ" тасымалдаушы зымыраны ғарышқа ұшты. Экипажда қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, ресейлік Сергей Волков және Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Андреас Могенсон бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары