$ 522.49  547.88  5.06

Тяньаньмэнь алаңында Қазақстан жауынгерлерді сап түзеп өтті

Бейжіңдегі қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы күрестегі жеңісі мен Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 70 жыл толуына арналған әскери парадта Қазақстан Республикасының жауынгерлері сап түзеп өтті.

Осы сәтте бүкіл әлем назары қазақстандық армия өкілдеріне ауды. Шеруді мінбеден Жоғары Бас қолбасшы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бақылады.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Құрметті қарауыл ротасының 76 әскери қызметшісі әлемдегі ең ірі Тяньанмэнь алаңында 10 қатарда сап түзеді, олардың арасында ту ұстаушылар тобы, үш әскер түрі бар. Әскери шеруді ҚР ҚМ Құрметті қарауылы ротасының командир, капитан Мақсат Байжігітов өткізді. Бұдан бұрын осы шараға әзірлік барысында ол Қытайдағы парадта Қазақстан атынан шығу құрметін зор мақтаныш сезімімен атап өткен болатын. «Біз осы шарада елімізді лайықты көрсете алатынымызға сенімдіміз. Біздің әзірлік барысымызды көрген басқа елдердің өкілдері де осындай пікірде», - деп атап көрсетті ол.

Парад қарсаңында ҚазАқпарат тілшісімен сұхбаттасқан ҚР Қарулы Күштері Бас штабының жауынгерлік даяпрлық департаменті бастығының орынбасары, полковник Нұрлан Алдияровтың айтуынша, осы парадтың ерекшелігі мінбелер өте биік, одан барлық парадқа қатысшылар алыстан да анық көрінеді, сондықтан да үлкен қашықтықтықта сап түзеп өту үлкен жауапкершілік. «Бұл үшін әскерилердің ширақтығы мен төзімділігі керек», - деді ол.

Бейжіңдегі біздің әскери қызметшілердің жасы 22-28-де. Олар жақсы әзірленген, моральдық рухы күшті,  сапта жүру дағдысын жақсы меңгерген, - деді Н.Алдияров. - Біздің парадқа қатысушылар арасында Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары мен батырларының немерелері бар».

Парадқа барлығы 15 қытайлық және 17 шетелдік әскерилер қатысады, олар Беларусь, Куба, Египет, Қазақстан, Қырғызстан, Мексика, Моңғолия, Пәкістан, Сербия, Тәжікстан, Ресей, Ауғанстан, Камбоджа, Фиджа, Лаос, Вануату, Венесуэла елдерінен.

Еске сала кетейік, Екінші дүениежүзілік соғыс кезінде Қытайды азат етуде жапон басқыншыларынан қаза тапқан кеңестік және моңғол жауынгерлерінің мемориалында (Бейжің қаласынан 245 шақырым жерде Чжанцякоу уезінің Чжанбэй қаласында) Қазақ КСР-інің аумағынан шақырылған 21 адам жерленген.

Ескерткіште 13 моңғол және 66 кеңес жауынгерлерінің есімдері қашап жазылған. Олардың арасында қазақстандық Әуезхан Жапаров, Төлембек Өтебаев және Асылхан Бербековтер бар. Бауырластар бейіті тұрған жердегі кескілескен шайқаста қаза болған 60 жауынгердің мүрдесі жатыр. Хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу бүгінгі күндерге дейін жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары